Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » ХАБАРЛАМА📍 ҚАДІРМЕНДІ АТА -АНАЛАР МЕН ШӘКІРТТЕР📍
08
сентябрь
2023

ХАБАРЛАМА📍 ҚАДІРМЕНДІ АТА -АНАЛАР МЕН ШӘКІРТТЕР📍

Ораз Жандосов атындағы №30 ЖОББМ-де  «JAS  LEADER AKADEMIIASY»  үйірмесі  жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Бағдарламаның міндеті 5-11 сынып оқушылары арасындағы көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдылар үйретіледі. Бұл – қарым-қатынас дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту. 
Жоба арқылы оқушылар келесі өмірлік дағдыларды қалыптастырады:
• шешім қабылдау дағдылары;
• мақсат қою;
• уақытты басқару;
• сыни тұрғыдан ойлау;
• шығармашыл түрде ойлау және шығармашылық;
• қарым-қатынас және көшбасшылық қабілеттер;
• креативтілік;
• топты басқару;
• эмоционалды интеллект;
• келіссөз жүргізу;
• бейімділік;
• стреске төзімділік;
• ынтымақтастық және топтық жұмыс;
• ораторлық өнер;
• шешендік өнердегі импровизация;
• аудитория алдындағы қорқыныш пен уайымды жеңу.
   Үйірме жұмысы келесі  аптадан  басталады. Әр топқа 15 оқушыдан  қабылданады. Жоғарыда аталған дағдылар ойын түрінде, жалпы топтық тапсырмалар және сергіту сәттері арқылы меңгертіледі.
Пән мұғалімдері:  Тохаев Н., Бектұрғанова А., Сапарәлі М.,  Үсіпханова А.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив