05
октябрь
2023
ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС
Бүгін Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-қазан – Ұстаздар күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кешімізде алтын ұямыздың ардагер ұстаздары қонақ болып, жылы лебіздерін, ақ батасын берді.
Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы ұстаздарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табысқа қол жеткізген, ерен еңбегі бар ұстаздарды Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады. Мерекелік концертте мектеп оқушылары өздерінің жылы лебіздерін ән-бимен жеткізіп, көңілді қойылымдар қойып, ұстаздар қауымын ерекше көңілге бөледі.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілей отырып, сіздерді ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

















