Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
02
ноябрь
2023

ДЕБАТ. ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ

«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі - қолбасшылық, екіншісі - шешендік» - деп ұлы шешен, ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркем сөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Сол қасиеттерді оқушыларымыздың бойына дарыту үшін және оқушылардың күзгі демалысын қызықты өткізу үшін  31.10.2023 ж. күні мектебіміздің «Алаш көшбасшылары» фракциясы  №99 мектеп-гимназиясының «Сәт» фракциясымен дебаттық клубтар арасында тәжірибе алмасу мақсатында, өзара жолдастық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Пікірсайысшылар өзара тәжірибе алмасып, турнирдің атмосферасын сезінді. Оқушылар ойынның соңында дебаттың алтын қағидасы бойынша қол алысып, ойында қарсылас болғанымен өмірде дос болуға уәде берді. Жалпы оқушыларға бұл жолдастық кездесулер пікірсайысшы ретінде үлкен тәжірибе болғанына сеніміміз мол!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив