26
декабрь
2023
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЖАЛЫҚПАЙЫҚ
«Қайырлы істі үйреткен мектеп – бақытты мектеп» деген екен ұлы ұстаз, педагог Ян Амос Коменский. Қайырымдылық – ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін, адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Осы орайда Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «ВИЗИТ» ЖШС демеушілігімен 25 оқушыға жылы аяқ киім мен қысқы киім тарту етті. Оқушылар мен ата-аналар алғысын білдіріп, ерекше көңіл-күйде болды.
Қолдау білдіріп, демеушілік жасаған «ВИЗИТ» ЖШС-не алғыс білдіреміз!


