27
декабрь
2023
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысында мектеп директоры Сихамбекова Ж.А. 2023 жылға арналған бюджет қаражатының жұмсалуы туралы жылдық есеп берді. Мектеп директоры өз сөзінде бюджет қаражаты толығымен игеріліп, материалдық-техникалық базаны жақсарту, мектептің жайлы жағдайын жасау бойынша берілген тапсырмалар орындалғанын атап өтті.Сонымен қатар Сихамбекова Ж.А. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне 2024 жылға арналған бюджет қаражатының жұмсалуын жоспарлаумен таныстырды. Директордың ұсыныстары қолдау тауып, бірауыздан мақұлданды. Жалпы, Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептегі оқу жағдайын жақсартуға көмектесетін өзгерістерді жоғары бағалады.

