13
май
2025
«ЖАЗҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА»: «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР» ҮЙІРМЕСІНІҢ ОҚУ-ТАНЫСТЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ
«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР» ҮЙІРМЕСІНІҢ ОҚУ-ТАНЫСТЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы шомылу маусымында су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы №1785 қаулысының (16.04.2025 ж., 16-тармақ) негізінде
Шымкент қалалық әдістемелік орталығының 2025 жылғы 24 сәуірдегі №1228 хаты және қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің №10-08-07/191 ресми хаты негізінде, Білім басқармасына қарасты «Жас құтқарушылар» үйірмесінің оқушыларының қатысуымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мына іс-шаралар өткізілді:
Сонымен қатар, 2025 жылғы 12 мамыр күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – жазғы демалыс кезіндегі шомылу маусымында суға бату және ашық терезеден құлаудың алдын алу шаралары бойынша оқушылардың қауіпсіздік сауаттылығын арттыру.
Іс-шараның жалғасы Тогус су қоймасында практикалық жаттығу өткізілді. Онда ТЖД қызметкерлері суға батқан адамды құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құтқарушылардан толыққанды жауаптар алды.

