25
декабрь
2024
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БАУЫРЖАНЫ
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БАУЫРЖАНЫ
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының 17.12.2024 ж. №1073 хатының негізінде Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 25-желтоқсан күні 10-сынып оқушыларымен Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туылғанына 114 жыл толуына орай «Қазақ елінің Бауыржаны» атты ашық сабақ өткізілді. Аталған іс-шараға 10 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптары қатыстырылды. Іс-шарада Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерліктері туралы бейнефильмдер көрсетілді. 10 «А» сынып оқушылары Мекенбай Аяулым және Келдібай Аружан Бауыржан Момышұлының өмірбаяны және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жасаған ерліктері туралы баяндамаларын оқыды. Іс-шараның соңында 10-сыныптар арасында АК-74 автоматын жартылай шашу және қайта жинау, жалпы қорғаныш құралдарын уақытқа кию және винтовкадан нысананы көздеп ату тақырыптарында жарыстар ұйымдастырылды.