03
апрель
2025
📚 20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Балалар кітапханасы" жобасы шеңберінде Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашылары Н.П. Игнатьева мен Т.Б. Даниленко 1 «Г» сынып оқушыларына арналған 20 минуттық оқу сағатын ұйымдастырды.Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарды әлемге әйгілі неміс жазушысы Вильгельм Гауфтың шығармашылығымен таныстырып, оның ең танымал ертегілерінің бірі — «Маленький Мук» («Кішкентай Мук») кітабын оқуға ұсынды. Іс-шара барысында балаларға ертегінің негізгі мазмұны баяндалып, оның тәрбиелік мәні түсіндірілді.
Шара барысында оқушылар ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқын талдап, олардың жағымды және жағымсыз қасиеттерін анықтады. Сонымен қатар, олар өздерінің сүйікті сәттерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарын қойды. Оқушылар әңгімені қызығушылықпен тыңдап, оқылған үзінділерге байланысты өз ойларын ортаға салды.
Осындай оқулар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тіл байлығын дамытып, қиял әлемін кеңейтеді. Іс-шара соңында балаларды кітапхана қорындағы басқа да ертегілермен танысуға шақырылды.
Бұл жоба оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятып, олардың рухани дамуына ықпал етуді мақсат етеді.