24
ноябрь
2023
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
2023 жылдың 24-қазаны күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Менің Отаным —Қазақстан!» атты Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Тәуелсіз еліміздің бірлігі мен татулығын нығайту, жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шара барасында Әнұран орындалып, патриоттық әндер мен билер қойылып, бейнебаяндар қойылды.
Мектеп директоры Сихамбекова Ж.А. сөз кезегінде тұғыры биік мемлекетіміздің төл мерекесімен оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады.
Еліміздің атаулы мерекесі – Республика күні құтты болсын!








