30
январь
2024
МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ ТУРНИРІ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте ағылшын лигасының «Dream team» және «Phoenix» фракциялары арасында “БП мектептер болашақты өзгерте алады д.е.” тақырыбында мектепішілік пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды.
Білім алушылардың көшбасшылық дағдыларын дамыту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дебат ойыны Американдық Парламент форматында өтті. Оқушылар пікір айтуда еш қысылмай, еркін әрі нақты сөйлей білді. Сайыс алаңында өздерін еркін ұстауға үйреніп, өз ойларын, пікірлерін жетік айтып, дәлелдей де білді.
Бүгінгі ойынның қатысушылары:
8-10 сынып оқушылары
1. Джаксылыкова Жанар
2. Сейдалиев Ахрарбек
3. Амангелды Аяжан
4. Курганбаев Самандар
11-сынып оқушысы Шалькова Любава төрешілік етті. Төреші екі жақтың да пікірін тыңдап, өз пікірін нақты дәлелдермен жеткізе білген оқушыларды атап, белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады.



