Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
22
апрель
2025
23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп кітапханашысы Н.П. Игнатьева 2 «Ә» сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында танымдық іс-шара өткізді. Шараның басты мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Іс-шара барысында кітапханашы Надежда Павловна балаларға арналған түрлі-түсті журналдар мен қызықты кітаптарды таныстырып,
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!
21
апрель
2025
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 21 сәуірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 5 «А» және 9 «А» сыныптарында «ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру, қоршаған ортаның байлығын тануға, оны сақтауға баулу. Сонымен қатар, оқушыларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, экологиялық мәдениетті бойларына
«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» ҮЙІРМЕСІ
17
апрель
2025
«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» ҮЙІРМЕСІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2 «А» сынып оқушыларына арналған «Қызықты математика» үйірмесі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Үйірменің негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оларды есептер әлеміне саяхат жасата отырып, ойлау қабілеттерін дамыту және логикалық тұрғыдан тұжырым жасай білуге үйрету. Үйірме жұмысы арқылы оқушылар: • Математикаға деген оң көзқарас қалыптастырады; • Логикалық ойлау, есте сақтау,
«ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМДІ БІРІКТІРЕДІ» АТТЫ ӘДЕБИ-ПОЭТИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
08
апрель
2025
«ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМДІ БІРІКТІРЕДІ» АТТЫ ӘДЕБИ-ПОЭТИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМДІ БІРІКТІРЕДІ» АТТЫ ӘДЕБИ-ПОЭТИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ А.С. Пушкин атындағы кітапханада Халықаралық «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби-поэзия байқауы өтті. Аталмыш шығармашылық сайыстың алғашқы іріктеу кезеңіне Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептен 19 оқушы қатысып, өз өнерлерін сәтті көрсетті. Әдебиет пен поэзияға жаны жақын жас өрендер бұл байқау арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Байқау қатысушылары көркем
ӨЛКЕНІ ТАНЫП,  ТАРИХТЫ БАҒАЛАДЫҚ
08
апрель
2025
ӨЛКЕНІ ТАНЫП, ТАРИХТЫ БАҒАЛАДЫҚ
ӨЛКЕНІ ТАНЫП,  ТАРИХТЫ БАҒАЛАДЫҚ Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары өлкетану мұражайына қызықты экскурсия жасап қайтты.  Бұл танымдық сапар балаларға өз туған өлкесінің тарихын, мәдениетін және табиғи байлығын тереңірек танып-білуге тамаша мүмкіндік сыйлады. Мұражай ішіндегі құнды жәдігерлер мен қызықты экспонаттар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін оятты. Оқушылар ежелгі артефактілерді қызығушылықпен тамашалап,
7 СӘУІР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КҮНІ
07
апрель
2025
7 СӘУІР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КҮНІ
7 СӘУІР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КҮНІ  Сәуір айының 2- аптасы, яғни 07-сәуір күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «А» сыныбында «7-сәуір — дүниежүзілік денсаулық сақтау күні» тақырыбында сынып сағаты өтті.   Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың маңызын ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы түсінік беру.  Міндеттері: Денсаулық сақтау күні туралы мәлімет беру; Денсаулықтың
📚 20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ
03
апрель
2025
📚 20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Балалар кітапханасы" жобасы шеңберінде Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашылары Н.П. Игнатьева мен Т.Б. Даниленко 1 «Г» сынып оқушыларына арналған 20 минуттық оқу сағатын ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарды әлемге әйгілі неміс жазушысы Вильгельм Гауфтың шығармашылығымен таныстырып, оның ең танымал ертегілерінің бірі — «Маленький Мук» («Кішкентай Мук») кітабын оқуға ұсынды. Іс-шара барысында балаларға
АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНГЕН ҰСТАЗДАР
28
март
2025
АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНГЕН ҰСТАЗДАР
АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНГЕН ҰСТАЗДАР 2025 жылдың 27-28 наурызы күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасы өтті. Бұл білім сайысына еліміздің әр өңірінен 160 мұғалім қатысып, өз біліктіліктерін сынға салды. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Дехканбаева Дильназа Тахиржановна мен Свириденко Анна Николаевна мектеп намысын
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
22
март
2025
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, бейбітшілік пен бірліктің, мейірім мен татулықтың мерекесі. Бұл күн – табиғаттың оянып, жаңа өмір бастайтын шағы ғана емес, халқымыздың береке-бірлігін нығайтатын, дәстүрімізді дәріптейтін ұлы мейрам. Биылғы Наурыз әрбір шаңыраққа құт-береке, ырыс-несібе әкелсін! Жаңа бастамаларға жол ашып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға шабыт берсін!
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
18
март
2025
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ Ата-бабаларымыз ұлттық киімдерімізді зор талғаммен, сәнді әрі қонымды етіп үйлестіре білген.  Қазақтың ұлттық киімі мен әшекей-бұйымдарының түрі өте көп. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдер әлі де өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызының басшылығымен мектеп ұстаздары мен оқушылары ұлттық
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 44 Вперед