Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА
02
апрель
2025

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай, Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ерекше іс-шара өтті. Шараны мектеп кітапханашысы Н.П. Игнатьева бастауыш сынып оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балаларға қызықты кітаптар таныстырылып, ертегілер мен әңгімелер оқылды. Сонымен қатар, кітаптардың адам өміріндегі маңызы жайлы әңгімелер айтылып, оқушыларға өздеріне ұнаған шығармалар туралы пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді.
Бұл шара кішкентай оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, оларды рухани дамуға жетелейтін игі қадам болды. Кітап – білімнің қайнар көзі екенін ұғынған жас оқырмандар алдағы уақытта да кітапханаға жиі келіп, көркем әдебиет әлемімен жақын танысуға ниет білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив