Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
02
апрель
2025

БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ерекше әдеби шара өтті. Іс-шараны мектеп кітапханашысы Н.П. Игнатьева ұйымдастырды. Оның басты мақсаты – 3 «А» сынып оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру болды.
📢 Шара барысында балалар түрлі қызықты кітаптармен танысып, ертегілер мен әңгімелерден үзінділер тыңдады. Сондай-ақ, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой қозғалып, оқушылар өздеріне ұнаған шығармалар жөнінде пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.
🔰 Бұл әдеби басқосу жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың рухани дамуына серпін берді. Кітап – білімнің сарқылмас қайнар көзі екенін ұғынған бүлдіршіндер алдағы уақытта да кітапханаға жиі келіп, көркем әдебиет әлемімен тереңірек танысуға ниет білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив