08
апрель
2025
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 «А» сыныбында «Жолда жүру ережесі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты — оқушыларға жолда жүру ережелерін үйрету, жол белгілерінің түрлері мен олардың қызметі туралы түсінік беру. Балалардың жол қауіпсіздігіне деген қызығушылығын арттырып, жол белгілерін есте сақтауға баулу. Сонымен қатар, көшеде өзін дұрыс ұстауға, тәртіпті сақтауға, жол ережелерін бұзбауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар жол белгілерімен танысып, олардың әрқайсысының маңызы мен атқаратын қызметі туралы білді. Түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар арқылы балалар өз білімдерін пысықтап, жолда жүру мәдениетінің қаншалықты маңызды екенін ұғынды. Сынып сағаты балалар үшін пайдалы әрі әсерлі өтті.

