18
апрель
2025
“Қауіпсіз терезе” акциясы
БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ — БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте балалардың терезеден құлауын болдырмау мақсатында «Қауіпсіз терезе» акциясы өтті.
Мақсат – ата-аналар мен балаларға терезе маңындағы қауіптер туралы ақпарат беру, алдын алу шараларын үйрету.
Есте сақтаңыз:
• Қауіпсіздік торларын орнатыңыз
• Терезе тұтқаларына арнайы құлыптар қойыңыз
• Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
Бала амандығы – баршаға ортақ іс!

