ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 «А» сыныбында «Жолда жүру ережесі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты — оқушыларға жолда жүру ережелерін үйрету, жол белгілерінің түрлері мен олардың қызметі туралы түсінік беру. Балалардың жол қауіпсіздігіне деген қызығушылығын арттырып, жол белгілерін есте сақтауға баулу. Сонымен қатар, көшеде өзін дұрыс ұстауға, тәртіпті сақтауға, жол ережелерін бұзбауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында